Семейде адамды азаптады деген күдікпен полицей ұсталды

Cағыныш Сардарова 09 февр. 2024 16:25 3829

Семейде қылмыс жасағанын мойындату мақсатында ұсталған адамды азаптады деген күдікпен полицей ұсталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.         

26 қаңтарда күдікті Семей қаласының Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Қылмыс жасағанын мойындату мақсатында азаптау, яғни Қылмыстық кодекстің 146-бабының 3-бөлігі 1-тармағында (азаптаулар, яғни лауазымды адамның тән зардабын және (немесе) психикалық зардапты қасақана келтіруі) көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен Семей қаласы Орталық полиция бөлім қызметкері ұсталды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Облыстың мамандандырылған тергеу соты күдіктіге 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазір соталды тергеу амалдары жалғасып жатыр.


Рекомендовать
Последние новости