Семейде «Абай жолы» жүргіншілер жолы салынуда

Dalanews 13 авг. 2020 17:24 900

Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Семей қаласында «Абай жолы» жүргіншілер жолы пайдалануға берілмекші. Ақынның мерейтойы қарсаңында Семей қаласы адам танымастай өзгеріп жатқаны белгілі. Жаңа жүргіншілер жолы қаланың келбетін ашып, семейліктердің Абайға деген құрметін күшейте түсетіні анық.

Абайдың 175 жылдығына орай Семейді ауқымды өзгерістер күтуде. Жаңа Арбат ашылып, Абай мен Мұхтар Әуезов алаңдары және орталық саябақ жаңартылады. Кейбір нысандарды Семейге Қазақстан қалалары сыйға беруде.

Қазіргі уақытта Алматы облысы М.Әуезов пен Селевин көшелерінің қиылысынан ет комбинатына дейінгі «Абай жолы» жаяу жүргіншілер аймағын құруға кіріскен.

Бүгінде жұмыстың 80% аяқталды. Нысанды тапсыру қыркүйек айында жоспарланған.

– Алматы облысы жұмыстардың барлығын мерзімінде орындайды. Біз «Абай жолы» нысаны орындап жатырмыз. Құжат бойынша жұмыс 18 қыркүйекте аяқталуы тиіс. Осы уақытқа дейін бәрі дайын болады, біз үлгереміз. Жұмыс мамыр айының соңында басталып, бүгінгі күнге дейін жұмыстың 80% бітті», – деді жұмыс өндірісінің жетекшісі Рафаил Хазипов.


«Абай жолы» жобасы – ұзындығы 2 100 метр жаяу жүргінші көшесі. Оған ұзындығы 1 600 метр веложол кіреді, ол теміржол өткелінен басталып, ет комбинатында аяқталады.

Сондай-ақ, мұнда күзде мыңға жуық ағаш отырғызылады. Көше бойында Абайдың сөздері жазылған жеті стела орнатылады. «Тапсыру күніне бәрі дайын болады. Көбінесе жергілікті құрылыс материалдарын қолданып отырмыз. Төселген тастар, шамдар, орындықтар мен қоқыс жәшіктері осы Семейдікі. Жиектас (бордюр) Текелі қаласынан әкелінді, спорт және балалар алаңдары Алматы жасалған. Веложолды «Гордорстрой» кәсіпорны салады. Сонымен қатар, мұнда гүл мен ағаш отырғызылады» дейді Рафаил Хазипов. Жалпы бұл жобаға 600 млн теңгеден астам қаражат бөлінген.

Рекомендовать
Последние новости