«Семей орманы» филиалының басшысы өртті сөндірудегі салғырттық үшін жауапқа тартылады

Көркем Алдабергенова 15 апр. 2025 13:38 376

«Семей орманы» филиалының басшысы өртті сөндірудегі салғырттық үшін жауапқа тартылады. Бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов Павлодар және Абай облыстарындағы орман өрттері үшін лауазымды тұлғаларды айыптап, Экология министрлігіне кінәлілерді жазалауды тапсырған еді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Морозов орман шаруашылығы ауданына қарасты «Семей орманы» кәсіпорнының жаңа басшылығын жауапты деп есептейді.

«Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп тексеру жүргіздік. Өрт туралы дер кезінде хабар бермеген жауапты тұлғаларға қатысты шаралар қабылданбақ. Бұл туралы ең алдымен Морозов филиалының басшысы хабарлауы тиіс еді», – деді Нысанбаев Үкіметтегі баспасөз мәслихатында.

Өрт туралы мәлімет алдымен «Семей орманы» диспетчерлік пунктіне, кейін облыстық ТЖ департаментіне, одан соң министрлікке және біріккен үйлестіру орталығына жетуі тиіс. Бұл орталықта тәулік бойы орман шаруашылығы, төтенше жағдайлар қызметі және басқа құрылымдардың өкілдері кезекшілік атқарады.

2023 жылы «Семей орманы» аумағында болған қайғылы оқиға үшін Экология министрлігі мен ТЖМ-нің бірқатар шенеуніктері жауапкершілікке тартылған болатын.


Рекомендовать
Последние новости