Сайлау кезінде СҚО-да заңбұзушылық тіркелген жоқ

Dalanews 19 нояб. 2022 21:20 859

Солтүстік Қазақстан облысында қарапайым халықпен бірге қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері және спортшылар да бір кісідей кезектен тыс Президент сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Аймақтың «Құрметті азаматы», ардагер спортшы Жамбыл Тасеменов өзі тіркелген учаскеге отбасымен барып, ел ертеңі үшін дауыс берді. Абыз ақсақал мемлекетіміздің болашағы жарқын болатынына сенімді.

– Алдағы уақытта сайланған Президентіміз маңызды мәселелерді шешіп, халықтың жақсартқанын қалаймын. Сол үшін сайлауға қатысып, өз таңдауымыды жасадым. Бүгінде жас балаларды тәрбиелеп, спортқа бейімдеудің маңызы зор. Халқымыз жаппай спортпен айналысса, денсаулығы мықты болады. Мен өзім спорт маңында көп жыл қызмет істедім. Сондықтан соны қалаймын, – дейді ҚР құрметті спорт қайраткері Жамбыл Тасеменов.


Солтүстік Қазақстан облысында да сайлау заң аясында өтті. Саяси науқан барсында заңбұзушылық оқиғалары тіркелген жоқ. Саяси науқан кезінде облыста барлығы 640 сайлау учаскесі жұмыс істеген.

Сайлауға келіп өз таңдауын жасаған халықтың көтеріңкі, ертеңгі күнге деген сенімі зор. Облыс бойынша сайлау науқанының заң аясында өтуін 3643 байқаушы бақылаған. 18 байқаушы сырт елдерден сайлауды бақылау үшін келген мамандар. Олар топ-топқа бөлініп, облыс орталығымен аудандарды аралап шықты.

– Таңғы жетіден кешкі онға дейін жүмыста болдық. Біздің Петропавл қаласында 23 бақылаушы болды, кординаторды санамағанда. Жалпы сайлау ойдағыдай өтті айтуға болады. Заңбұзушылықтар тіркелген жоқ, – деді «Ел дауысы» қоғамдық қорының байқаушысы Мұхтар Қалиев.

Рекомендовать
Последние новости