Сарыарқа ауданындағы кездесуде елорда әкіміне 250-ден астам сұрақ қойды

Dalanews 26 дек. 2019 12:13 800

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Сарыарқа ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесу «Ашық микрофон» форматында өтті. 60-тан астам адам 250-ден астам сұрақ қойды.

Кездесуде тұрғындар елді-мекендерін дамыту, газдандыру, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласы, қоғамдық тәртіп пен көлік қатынастары, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оңалтып, жағдай жасау мәселелерін көтерді.

Тұрғындармен кездесулер тұрақты түрде Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр.

Сарыарқа ауданының тұрғындары аула аумақтарын, көшелерді кеңейту, балалар алаңдарын орнату, пандустарды жайластыру мәселелерін көтерді. «Ерекше қажеттіліктері бар тұрғындарға жағдай жасау – басты міндеттердің бірі. Президенттің тапсырмасына сәйкес елорданың дизайн-коды бекітілді.

Дизайн-код ережелері қала кеңістіктерін реттейді. Басты міндет-қоғамдық кеңістікті құру және адамдардың өмір сүруі үшін жайлы қала қалыптастыру.


– Мемлекет пандустар бойынша стандарттарды қабылдағаны белгілі. Бұдан былай мемлекетік экпертиза пандустардың міндетті түрде орнатылуын жіті қадағалайтын болады. Балалар алаңдарын, шағын сәулет нысандарын, абаттандыру мәселелері бойынша жұмыстанған кезде адамдардың пікірін ескере отырып шешім қабылдайтын болады.

Дизайн-кодта жаяу жүргіншілер, велосипед зоналары, қоғамдық кеңістіктер мен көгалдандыруды нақты қарастырылған. Жарнамаларды орналастыру ережелері әзірленді. Осының барлығы қалада өмір сүруді қолайлы етуге көмектеседі, – деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Ерекше қажеттіліктері бар тұрғындарға жағдай жасау мақсатында қалада екі оңалту орталығы, ипподром базасында иппотерапиямен айналысуға арналған жабық манеж салынады.

Жаңа тұрғын үйлердік бірінші қабатында емхана, полиция пункті, оңалту орталықтары, балабақшалар сияқты әлеуметтік нысандар салынады. Инватакси саны 22-ден 46-ға дейін артты.


Бұған дейін елорда әкімі Алтай Көлгінов Есіл және Байқоңыр аудандарының тұрғындарымен кездесті. «Ашық микрофон» форматындағы осындай кездесулер жүйелі түрде өтетін болады. Әр сұрақ жұмысқа алынды.

Рекомендовать
Последние новости