Сарапшылар саясаткер Боқаевқа қатысты пікір білдірді

Көркем Алдабергенова 16 июл. 2024 14:48 2949

Билік маңайындағы телеграм арналар Санжар Боқаев ескі Қазақстанның итаршысы екенін жазды, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл туралы «Чемодан госсекретов» телеграм арнасы жазды.

«Санжар Боқаев өзі құрған петицияны қарастыруға қайтадан келмеді. Кейінгі күндері ол өзі емес, утильалымды алып тастау бастамасында тұрған адамдар дайындап берген құжатты мемлекеттік органдарға жіберумен ғана айналысып жүр. Біз бұған дейін John Deere техникасын Қазақстанға тасымалдаумен айналысып жүрген Сергей Глокке арқылы өзінің мүддесін қорғап жүрген Шөкеев туралы жазған болатынбыз. Біздің дереккөздеріміздің мәліметі бойынша, бұл мүдделердің артында тағы бір адам – Райымбек Баталов тұр.

Бастапқыда Боқаевты Тимур Жаркенов пен Берік Заиров қолдаған болатын. Жаркенов – қазіргі таңда Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары. Заиров 2021 жылы Баталовтың орнына шағын және орта бизнесті дамыту комитетін былтырға дейін басқарды. Ол қызметінен кеткеннен кейін де Боқаевты қолдап жүр.

Жалпы Боқаев ескі Қазақстанның итаршысы және өзінің қожайындары – Назарбаев пен Шәріпбаевтың мүддесін қорғаумен айналысып жүр. Ал олар өз кезегінде ұзақ уақыт бойы оның негізгі жұмыс берушісі және демеушісі болған. 

Олардың жаңа Қазақстанның беделін түсіруге деген ойы айқын», - делінген жазбада.


Рекомендовать
Последние новости