Сарапшы Қазақстандағы "жасыл экономикаға" қаржы құйып жатқан инвесторлардың атын атады

Dalanews 04 авг. 2022 13:20 658

Dalanews.kz порталына пікір білдірген шетелдік сарапшы, Оксфорд университетінде Орта Азияның экология мәселелерін зерттеумен айналысатын Жулия Ирвин айтуынша Қазақстанның энергетика саласына күрделі жөндеуді қажет етеді. Редакция экологтың пікірін оқырман назарына ұсынуға асықты.

Ирвиннің пікірінше еліміздің қайта қалпына келетін (жаңартылатын) энергия көздерін пайдаланудағы потенциалы мол. Бұл сала инвестицияға сусап отыр.

Еліміздің қазіргі энерго жүйесі Кеңес үкіметінен бері айтарлықтай жаңара қоймаған. Қазақстан әлі күнге дейін көмір, газ және мұнайға тәуелді.

Сөй деген Жулия Ирвин экономикалық дағдарыстан құтылудың жалғыз жолы - жаңартылатын энергия көздеріне басымдық беру деп санайды.

"Қазақстан экологиялық жағынан таза, қайта қалпына келетін қуат көздерінің өрісін кеңейтуге күш салуда. Көміртекті экономикадан бас тартып, Батыс елдерінің үрдісіне ілесуге әрекет етуде. 2030 жылға мемлекеттегі электр энергиясының 30 пайызы жаңартылатын қуат көзінен алынатын болады, ал 2050-ге дейін бұл көрсеткіш 50 пайызға жетпек", – дейді сарапшы.


Ирвиннің атап өткеніндей жаңа энергия көздерін тілге тиек еткенде гидроэнергетика саласына айрықша тоқталу қажет. Орта Азияның бұл тұрғыдағы әлеуеті өте-жоғары.

"Алайда көпшілік өзендердің бастауы негізінен Тәжікстан мен Қырғызстанда шоғырланғаннан кейін Қазақстан секілді елдерге энергия көздерін іздестіруді әртараптандыруға тура келеді. Кеңес үкіметі құлағаннан кейін Амудария мен Сырдария геосаясат тұрғысынан аймақтағы қызу талқыланатын тақырыпқа айналды. Аймақта бес мемлекетт те осы өзендердің гидроэнергетикалық мүмкіндігін барынша пайдалануға тырысты", – дейді шетелдік маман.

Сарапшының атап өткеніндей Амудария мен Сырдарияға қатысты ортақ саясат болмағандықтан, бұл Арал өзенінің құрғауына алып келген. Қазақстанның гидроэнергетикадағы әлеуеті шектеулі болғандықтан Қазақстанға қайта қалпына келетін энергия көздеріне арқа сүйеуге тура келеді.

"Сіздерге мұнай мен газдан түсетін қаржыны күн және жел энергиясының инфрақұрылымдарын дамытуға ұсынар едім. Қазақстан жел энергиясының потенциалы жойқын. Күн энергиясының өлшемі бойынша алдыңғы қатарда тұрсыздар. Осыншалықты мүмкіндігі бола, Қазақстандағы күн мен жел энергиясының үлесі 1 пайызға да жетпейді. Көңіл қуантар жайт: 2018 жылдан бері елдегі күн және жел энергиясынан алынатын қуат көрсеткіші 75 пайызға өскен", – дейді Ирвин.

Оның айтуынша шетелдік инвесторлар Қазақстанның жаңартылатын энергия көздерінің болашағы сенеді.

Сарапшы бұл ретте еліміздегі осы салаға қаржы құюға әзір компаниялардың атын атап өтіпті.

Бұлар: Еуропадағы қайта құру және даму банкі, Eni Group және General Electric. Аталған алмауыт құрылымдардың Қазақстан жел энергетикасына қазірдің өзінде ауқымды инвестиция құюда.

Күн энергетикасымен байланысты жобаларды - Siemens, Hevel Group, Eni Group, KB Enterprises секілді компаниялар қаржыландырып жатыр.

Еліміздің жел мен күннен қуат алатын жобалар бойынша мықты әлеуеті барын аңдаған инвесторлардың қатарына толығып келеді,.

"Ілгеріде, атап өткен компаниялардан бөлек Қазақстандағы "жасыл экономиканы" дамытуға Азия Даму банкі, Азиядағы инфрақұрылымдық инвестициялар банкі, Қытайдың өндірістік коммерциялық банкі, Horgos Jiuhe SilkBridge компаниясы атсалысқысы келеді.

Қытай компаниялары екі жел станциясы және бір күн станцияның құрылысына қазірдің өзінде қомақты қаржы бағыттауға әзір отыр. Бұл тарапта қытайлық және Батыс компаниялары әріптесер болса, Қазақстандағы мұндай жобалардың саны күрт өсетін болады", – дейді сарапшы.

Алайда дұрыс жобалау болмаған жағдайда Қазақстанның бұл бағыттағы жоспарлары іске аспауы мүмкін. Жулия Ирвин айтуынша күн энергиясының станциялары ерекше күтімді қажет етеді. Ауа райының тым ыстық болуы мұндай станцияларды істен шығаруы мүмкін. Мұндайдың алдын-алу үшін жылу коллекторларын қолдану қажет.

"Мұндай құрылғылар 400 градуске дейін температураға шыдас береді. АҚШ-тың күн энергиясының потенциалы мол станцияларында дәл осындай құрылғылар қолданылады. Айталық, Аризона штатында күндіз 42 градусқа дейін ыстық болады. Менің білуім бойынша Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде температура 50 градусқа дейін жетеді. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде күн энергиясын молынан өндіруге болатын мүмкіндік бар", – Жулия Ирвин.

Рекомендовать
Последние новости