Ақын Сара Тоқтамысова билікке бағытталған әр сөздің салмақты болуы керегін айтты. Оның пікірінше, кейбір жас айтыскерлер өзі көрмеген дәуір туралы сөз қозғап, арзан бедел жинауға тырысады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы ол журналист Динара Сәтжанға берген сұқбатында мәлімдеді.
"Айтыс сахнасында халықтың көкейіндегі талай мәселені қозғаймыз. Бірақ кейінгі буыннан шыққан кейбір ақындар: "Осы 30 жылда көрмегеніміз жоқ" деп жатады. Сонда мен: "Сен ол кезде өмірге де келмегенсің ғой" деймін", – дейді ол.
Сара Тоқтамысова айтыстарының бірінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа құрмет білдіріп, оны үш жүздің басын қосқан тұлға деп сипаттағанын мысалға келтірді. Сол сәтте Конгресс-холлдағы көрермен орнынан тұрып, көзіне жас алғанын еске алды.
"Қазір сахнаға шығып, билікті сынау сәнге айналды. Бірақ шын айтыскер – салмақты, сабырлы сөз иесі болуы керек. Халықтың ыстық қошеметі үшін емес, шындық үшін сөйлеу керек", – дейді ақын.
Ол кей әріптестерінің "Сен Назарбаевтың қорғаушысы сияқтысың" деген сөздеріне.
"Бұл – жағыну емес, менің азаматтық ұстанымым", – деп жауап беретінін айтты.
"Ақын әр ойын саралап, салмақтап жеткізуі керек. Сөз – жауапкершілік", – деп қорытты ойын Сара Тоқтамысова.