13 шілде күні Атыраудағы бассейндердің бірінде адамдар хлордан уланды. Медициналық көмекке 14 адам жүгінген,- деп хабарлайды Dalanews.kz
Ауруханаға 3 адам жатқызылған, олардың жағдайы тұрақты. Қалған тұрғындар дәрігерлердің бақылауында.
"Эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп, ауа мен судан сынама алынды. Хлор буы шекті мөлшерден аспаған, зертханалық талдау жұмыстары жалғасуда. Полиция қылмыстық іс қозғады, тергеу жүріп жатыр", - деді Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Облыс әкімі денсаулық сақтау басқармасына зардап шеккендердің жағдайын бақылауда ұстауды міндеттеді және өңірдегі бассейндер мен аквапарктерді тексеруге тапсырма берді.