Сара Назарбаева әлі де ауруханада емделіп жатыр. Ол Президент іс басқармасы медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде емделіп жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz
"Науқас емделіп жатыр. Барлық іс-шара медициналық көмектің бекітілген стандарттарына сәйкес және білікті мамандардың бақылауымен өткізіледі", - деп жауап берген госпиталь Tengrinews.kz сауалына.
Алайда оның диагнозы, қазіргі жағдайы айтылмаған.
Бұған дейінгі жағдай
Айта кетейік, бұған дейін тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айдос Үкібай БАҚ-та тарап жатқан ақпаратқа пікір білдіріп, Сара Назарбаева аман екенін мәлімдеді.