Сақ болыңыз! ТЖД алматылықтарға тағы да күн бұзылатынын ескертті

Сағыныш Сардарова 08 апр. 2025 09:51 812

Қалалық ТЖД алматылықтарға тағы да күн бұзылатынын ескертті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қалада дауыл туралы ескерту жарияланды.

Алматының Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, ауа райы түнде нашарлайды. Екпіні секундына 18 метрге дейін жететін қатты жел соғып, найзағай ойнайды.

"Қала тұрғындарына, қонақтары мен туристеріне қауіпсіздік шараларын сақтауға, тауға шықпауға кеңес береміз. Электр желілері бүтін екеніне назар аударыңыз, көліктерді ағаштың астына қоймаңыз және әлсіз құрылымдардың астына тұрмаңыз", - деп кеңес берді ТЖД өкілдері.

Айта кетейік, кеше дүлей дауыл Алматының астаң-кестеңін шығарды, кейбір аудандарда жарық сөніп қалды.

Қала тұрғындары әлеуметтік желіде табиғат апатының салдары көрінетін кадрларды жариялады: онда құлаған ағаштар, шашылған бұтақтар мен орнында әрең тұрған жол белгілері көрінеді. Кейбір аудандарда электр қуаты мен интернет үзілді.

 


Рекомендовать
Последние новости