Сапалы білім беру бұл біздің болашағымыз

Dalanews 22 янв. 2024 07:12 1345

   Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісінде сөйлеген сөзінде мәдениет пен білім ел дамуының құрамдас бөлігі екенін айта келіп, білім саласын өрге жетелеудің бірнеше мәселесіне тоқталды. Президент ең алдымен сапалы білімді қолжетімді етуді қолға алу қажеттігін атап кетті.

Мемлекет басшысы  тапсырмасымен «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы дайындалды.Шынында да, қоғам дамуының басты факторы сапалы білімді меңгерген білікті мамандар екені сөзсіз. Бұл бағытта елімізде білімге құштар, болашағымыздың негізін құрайтын дарынды жастарға барынша қолдау көрсетіп, әлеуетін пайдалану көздерін қарастыру керек. Сондықтан да қазіргі уақыттан бастап бола­шақта сапалы білім беретін педагог даярлау мәселесіне ерекше мән беруіміз қажет. Ал сапалы білімді беріп, саналы ұрпақ тәрбиелейтін – ұлағатты ұстаз. Сананы тұрмыс билеген бүгінгі қоғамда оқытушылардың қажымас еңбек етіп, сапалы білім беруі, оның әлеуметтік жағдайының деңгейімен де тікелей байланысты екені рас. Бұл ретте Мемлекет басшысы «оқу орындарын білікті профессор-оқытушылық құраммен  қамтамасыз етпейінше, білім сапасын көтеру мүмкін емес» деп ұстаздардың әлеуметтік жағдайының маңызды екенін алға тартты. Себебі ол әлеуметтік мәселелерге алаң қылмай, алаңсыз сабақ беруі тиіс.

БҰҰ-ның бастауымен алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. Тұрақты даму мақсаттарының ішіндегі 4-мақсат: «Барлығына сапалы білім» екенін алға тартқым келеді. Білім саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды қажет етеді. Біз өмір сүріп отырған қазіргі кезең – бұл жаңа дәуір,жаңа көзқарасты, жаңашылықты талап ететін уақыт. Соның ішінде,білім саласында болып жатқан жаңа өзгерістердің  маңызы зор. Саннан сапаға қызмет ету – бүгінгі талап. Қазір еліміздегі жоғары оқу орындарының жартысы ғана түлектерін 60 пайыздық деңгейде жұмыспен қамтып отыр. Бұл жоғары көрсеткіш емес. Осыны ескерген Мемлекет басшысы саны бар, сапасы мардымсыз оқу орындары қысқартылып, бәсекеге қабілетті кадрлар даярлай алатын іргелі оқу орындарына ғана мүмкіндіктер берілетінін қадап айтты.Бұл – сөзден іске көшудің айқын дәлелі. Ғылымды дамытпай, ұлттың дамуын қамтамасыз ете алмаймыз. Үкімет бұл мәселені ғылыми-зерттеулердің деңгейін арттыру және оны іс жүзінде қолдану тұрғысынан қарастыруы керек деді.

Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.


Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.

Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып – үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.Жастарға сапалы білім беру, ғылыми бағытын айқындау, жаңашыл идеяларын қолдау біздің басты міндетіміз. Жастардың мамандықты дұрыс таңдауы, сапалы білім алуы — өзекті мәселе. Себебі, еліміздің дамуы, өсіп-өркендеуі жастардың мамандық таңдауына, өзі таңдаған кәсіпке деген ынтасына, алған біліміне байланысты және осы мәселеге ерекше көңіл бөлген жөн.

Сапалы білім беру– аса құнды капитал. Сондықтан инвестиция салу өзіңді шыңдап қана қоймай, елге, Отанға қызмет ететін маңызды қадам екенін естен шығар­мау керек. Ең білімді мамандары бар мемлекетте өмір сүрудің барлық жағдайы тұрақты әрі сапалы болады. Ол сіз бен біздің денсаулығымызды, өмірімізді ұзар­татын бірден-бір фактор. Сондықтан Пре­зидент тапсырмасындағы  сапалы білім беру қағидаты әр уақытта жауапкершілігі мол міндет.

 

Сауле Сейденова


әл Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультеті,


шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының доценті


 


Гулжазира Габдкримова және Мейрамкүл Тлеулинова


әл Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультеті


2 курс, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының докторанттары


 

Рекомендовать
Последние новости