“Біздің жұмыс тобы жеңді!”: Депутат Мұқаев елден сүйінші сұрады

Dalanews 24 янв. 2024 08:31 917

Қазақстанда вейп саудасына толығымен тыйым салынатын заң қабылданды. Қуанышты жаңылықты мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев жеткізді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Сүйінші жаңалық! Үш баланың әкесі ретінде, ұлттың болашағы үшін, ұрпақтың саулығы үшін елімізде вейп саудасына толығымен тыйым салынатын заңды қабылдап, сенат депутаттарына жібердік.

Гүлдара Алшынқызы жетекшілік еткен “Денсаулық сақтау мәселелері туралы заң” жобасында 35 отырыс өтті. Ойлаңыздаршы, 35! Сіздер кейде жазасыздар ғой, “депутаттар не істеп отырсыңдар осы?” - деп? Ауызбен айта салу қашан да оңай. Ауызбен орақ оруға болады. Ал іске келгенде оңай емес. Вейп саудасында миллиардтар айналымда болды, депутаттарға астыртын ақпараттық шабуыл да аз болмады. Тіпті вейбті жақтағандар да кездесті. Ұрыс-айқай көп болды, кәдімгі талас-тартыс” - деді депутат.

Оның айтуынша, осы даулы мәселеге тосқауыл қойылды.

“Қазірге айтарым кім сізге миллиард әкеліп отырған бизнесінен оңай айырылғысы келеді? Әрине ешкім! Бірақ біздің жұмыс тобы жеңді! 12 депутат бастан аяқ қарсы тұрдық. Ал бүгінгі пленаралық отырыста Мәжілістегі 92 депутат бұл заңды қолдады. Ендігі кезек Сенат депутаттарында. Олар да қарсы тұрады деген ойдамын. Себебі өскелең ұрпақтың саулығы маңызды!” - деп жазды Дәулет Мұқаев.


Сурет:  Stan.kz

Рекомендовать
Последние новости