Жәмішев мәйіт донорлығын заңдастырып, еліміз бен шетелдік науқастарға пайдалануды ұсынды

Dalanews 24 янв. 2024 08:12 1759

«Қазақстан халқы» қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев депутаттарға мәйіт донорлығын заңдастыруға қатысты ұсыныс айтып, бұл бағытта жұмыс істеуге шақырады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Егер алдағы уақытта елімізде мәйіт донорлығы заңдастырылса, марқұмның туыстарының рұқсатынсыз мәйіттің органдарын алып, еліміз бен шетелдегі  науқастарға пайдаланып, көптеген адамның өмірін сақтап қалуға болады.

Бүгінде елімізде қайтыс болғаннан кейін он екі ағзасын өзге науқастарға беруге дайын адам бар екенін ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният та алға тартты. Министр ханымның айтуынша, донор болуға рұқсатын берген адамның 1966 жыл туылған және жаман әдеті жоқ екен.


Ал Болат Жәмішев өзінің мұндай бастама көтеруіне өзі басқарып отырған «Қазақстан халқы» қорының науқастарға қажетті адам ағзаларын шетелден жиі сатып алатын болған соң, осы бастаманы әдейі көтеріп отырғанын тілге тиек етті.

Бүгінде Ресеймен кескілесіп, ұрыс жүргізіп жатқан Украина президенті Владимир Зеленский донорлық туралы заңға 2022 жылдың 5 қаңтарында қол қойған болатын.

Рекомендовать
Последние новости