Ресей президентінің баспасөз хатшысының айтуынша, тараптар екіжақты қатынастардағы "өткір жайттарды" талқылауды жоспарлаған.
Ресейлік БАҚ мәліметінше, Владимир Путин кездесуді Әзербайжан әуе компаниясына тиесілі Azal ұшағының апатқа ұшырауына қатысты жағдайдан бастауды ұсынған.
Айта кетейік, бұған дейін Владимир Путин мен Ильхам Әлиев қыркүйекте Қытайда өткен ШЫҰ саммитінде жолыққан еді, бірақ ол кезде қысқа ғана сөйлесумен шектелген. Кейінгі толық форматтағы екіжақты кездесу 2024 жылғы қазанда өткен еді.