2025 жылғы 10 қазанға арналған жұлдыз жорамал: махаббат, ақша және денсаулық туралы болжам
От белгісіндегі жандар (Тоқты, Арыстан, Мерген)
Бүгін махаббат майданында жолдарыңыз болады. Тоқтылар күтпеген сәтте жүрегін жаулайтын адамды кездестіруі мүмкін. Арыстандар ойындағы адамдар жылы сөз айтып, сезімін білдіреді. Мергендер өзімен ұқсас көзқарастағы адамды жолықтырады.
Қаржы: жағдай тұрақты, өзгеріссіз.
Денсаулық: күш-қуат молайып, бойыңыз сергектікке толады.
Жер белгісіндегі жандар (Торпақ, Бикеш, Тауешкі)
Қаржы жағынан сәтті күн. Торпақтарға күтпеген сыйақы не мұра бұйыруы мүмкін. Бикештерге ұтыс немесе бұрын жоғалтқан қымбат дүниесін табу бақыты бұйырады. Тауешкілер тиімді келісімге қол жеткізіп, болашақ табысын қамтамасыз етеді.
Махаббат: жұптар арасында түсіністік пен үйлесім орнайды.
Денсаулық: көңіл-күй орнықты, дене күйі жақсы.
Ауа белгісіндегі жандар (Егіздер, Таразы, Суқұйғыш)
Бүгін сіздерге ерекше сергектік пен жақсы көңіл-күй серік болады. Егіздер өміріне жаңа шабыт сыйлайтын қуат көзін табады. Таразылар ұзақ шаршаудан арылады. Суқұйғыштар қуанышты жаңалық естіп, бой жазып қалады.
Махаббат: жеңіл әзіл мен жылы әңгімелер күнді көріктендіреді.
Қаржы: шағын, бірақ қуанышты жаңалықтар болады.
Су белгісіндегі жандар (Шаян, Сарышаян, Балықтар)
Бүгін сіздерге сәттілік үш есе серік болады. Шаяндар өмірлік серігін табады немесе сүйгенімен байланысын бекітеді. Сарышаяндар денсаулығына байланысты ұзақ мазалаған мәселені шешіп, табысқа кенеледі. Балықтарға махаббат та, ақша да, көңіл тыныштығы да қатар келеді.