Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 30 қыркүйектен 7 қазанға дейін елде бірқатар азық-түлік тауарларының бағасы өскен, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Апта ішінде қарақұмық 0,7%-ға өсіп, бір келісі 230 теңгеге жетті.
Екінші орында – сиырдың грудинка бөлігі
Сиыр еті 0,4%-ға қымбаттап, бір келісі 3244 теңге болған.
Басқа азық-түліктердегі өзгеріс
Сары майдың бағасы 4829 теңгеге дейін көтерілсе, он жұмыртқаның орташа бағасы 558 теңгеге жетті.
Сүт пен сүзбе 0,1%-ға өскен: сүт – литріне 425 теңге, сүзбе – келісіне 2280 теңге.
Жалпы динамика
Апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы айтарлықтай өзгермегенімен, жыл басынан бері олардың құны 8,1%-ға артқан.