Қазақстанда жүргізілген «Халықтың өмір сүру сапасы» тақырыбындағы іріктемелі зерттеу нәтижесі тұрғындардың тұрмыс жағдайына оң баға беріп отырғанын көрсетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Зерттеу қорытындысы бойынша, үй шаруашылықтарына жүргізілген іріктемелі зерттеу нәтижелері бойынша респонденттердің 53,2% (өздерінің субъективті бағалауы бойынша) өмір сүру жағдайларына қанағаттанатындарын, 46,3% – жартылай қанағаттанатындарын білдірген. Ауылдық жерлерде өмір сүру жағдайына қанағаттанғандар үлесі (65,4%) қалалық жерлерге қарағанда (51,7%) жоғары.
Өткен жылғы сәйкес зерттеумен салыстырғанда, халықтың өмір сүру жағдайларына қанағаттану деңгейі 2024 жылы 52,5%-дан 2025 жылы 53,2% дейін өсті.
Респонденттердің 51% денсаулықтарына қанағаттанатындарын, 46,4% – жартылай қанағаттанатындарын айтты. Өткен жылмен салыстырғанда (2024 жылы – 49,5%), денсаулыққа қанағаттану деңгейі 1,5 пайыздық тармаққа артты.
Материалдық қамтамасыз етілу деңгейі (табысы) бойынша респонденттердің 73,6% өздерін орташа қамтамасыз етілгендер қатарына жатқызады.
Респонденттердің 65,8% туыстары немесе таныстары тарапынан моральдық қолдауға сенімді екенін көрсетті.
Сауалнамаға қатысқандардың 73% өз болашағына сенімді және келешекте жағдай жақсарады деп есептейді.