10 қазанға қараған түні Ресей Украинаға жаппай әуе соққысын жасады. Елдің бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Украинаның Әуе күштерінің мәліметінше, ресейлік күштер келесі қаруларды пайдаланған:
• 465 соққы жасауға арналған Shahed, “Гербера” және басқа типтегі дрондар;
• 2 аэробаллистикалық Х-47М2 “Кинжал” зымыраны;
• 14 баллистикалық “Искандер-М” зымыраны;
• 12 қанатты “Искандер-К” зымыраны;
• 4 басқарылатын әуе зымыраны Х-59/69.
10 қазан таңғы сағат 10:00-дегі мәлімет бойынша, әуе қорғаныс күштері 420 әуе нысанын атып түсірген. Олар:
• 405 ұшқышсыз ұшу аппараттары (Shahed және басқа үлгілер);
• 1 Х-47М2 «Кинжал» аэробаллистикалық зымыраны;
• 4 «Искандер-М» баллистикалық зымыраны;
• 9 «Искандер-К» қанатты зымыраны;
• 1 Х-59/69 басқарылатын әуе зымыраны.
Украинаның 19 нысанында 13 зымыран мен 60 дронның тура соққысы тіркелген. Сонымен қатар жеті аймақта атып түсірілген аппараттардың сынықтары құлаған.
Әуе шабуылы кезінде Ресей әскері Украина энергетика нысандарына ауқымды соққы жасаған. Нәтижесінде Киев пен бірнеше облыста электрмен жабдықтау жүйесінде ақаулар пайда болып, маңызды инфрақұрылым нысандары зақымданды.