Павлодар облысында үй құстары жаппай қырылып жатыр

Қаракөз Амантай 09 окт. 2025 16:01

Павлодар облысында үй құстары жаппай қырылып жатыр. Олардың саны 2,3 мыңға жетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“2025 жылдың 3 қыркүйегінен 8 қазанына дейін Павлодар облысының Тереңкөл, Ақтоғай, Шарбақты, Железин және Ертіс аудандарындағы сегіз елді мекеннің 44 жеке ауласында үй құстарының ауруға шалдығуы және қырылу деректері тіркелді”, — деп мәлімдеді облыстық ветеринария басқармасы.

Ресми мәліметке сәйкес, қырылған құстардың жалпы саны 1713 бастан 2256 басқа дейінөскен.

Қазір ветеринариялық қызмет өкілдері ауылдарды күн сайын аралап, үй құстарын нысаналы түрде емдеу, қырылған құстарды есепке алу және жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Зертханалық тексеру үшін сынамалар Ветеринарияның ұлттық референттік орталығынажіберілді. Онда материалдар жоғары патогенді құс тұмауы, Ньюкасл ауруы, пастереллезжәне сальмонеллез сынды қауіпті індеттерге тексеріледі.


Рекомендовать
Последние новости