Түркиядан үш апта бұрын экстрадицияланған және Өскемендегі тергеу изоляторына қамалған бұрынғы құқық қорғау органының қызметкері көз жұмды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ведомствоның мәліметінше, азамат 3 қазан күні өзін жайсыз сезінгенін айтып, жедел жәрдем шақырылған және шұғыл түрде Өскемен қалалық ауруханасына жеткізілген. Алайда 7 қазан күні ол кенеттен қайтыс болды.
Алдын ала болжам бойынша, өлім себебі – қос өкпе артериясының тромбоэмболиясы (тамырдың бітелуі). Қазіргі уақытта бұл факт бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.