Салық төлеуден жалтарған қазақстандық Араб Әмірліктерінен елге жеткізілді

Сағыныш Сардарова 10 окт. 2025 09:35

Салық төлеуден жалтарған күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшілігінің қолдауымен салық төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматын экстрадициялады.

"2018-2020 жылдар аралығында ол коммерциялық кәсіпорын директоры бола тұра, корпоративтік табыс және қосылған құн салығын төлеуден жалтарып, мемлекетке 293 млн теңгеден аса залал келтірген. Қылмысты жасағаннан кейін күдікті жасырынып, бір жылдан аса уақыт бойы халықаралық іздеуде болды. Биыл қыркүйекте ол Біріккен Араб Әмірліктері аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша құқық қорғау органдарына берілді", - деп жазылған хабарламада.

Қазір күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.


Рекомендовать
Последние новости