Ақтөбе облысында әйелді ұрған әкім сотталды

Сағыныш Сардарова 10 окт. 2025 10:58

Ақтөбе облысында әйелді ұрған әкім сотталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"КТК" телеарнасы мәліметінше, Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласының әкімі Қазбек Аққайыр әйелді ұрғаны үшін кінәлі деп танылған. Іс материалдарына сүйенсек, 39 жастағы шенеунік кабинетіне келген әйелді ұрған.

"Әйел әкіммен ұзақ уақыт жақын қатынаста болғанын және сол күні жағдайды анықтау үшін барғанын айтқан. Десе де әңгіменің арты жанжалға ұласқан. Әкім оны ұрған көрінеді. Кейін әйел дәрігерлерге, полицияға жүгінген", – деп жазылған арна мәліметінде.

Сот оған айыппұл салып, моральдық залал үшін 100 мың теңге өтемақы төлеуге міндеттеді.

"Ол өзін ақтауды сұрап, кінәсін мойындамады. Сот үкімімен А. Қылмыстық кодекстің 109-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 80 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды, бұл 314 560 теңге болады", – деді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Жансая Таирова.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Рекомендовать
Последние новости