АҚШ-қа қашпақ болған: Алматыда «Вагнердің» бұрынғы жауынгері сотталды

Асель Қайратқызы 09 окт. 2025 16:18

Алматыда атышулы «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясында қызмет етіп, Украинадағы соғысқа қатысқан Қазақстан азаматы Тимур Пралиевке қатысты сот өтті. Ол АҚШ- қа заңсыз өтуге талпынған сәтінде ұсталған еді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сот құжаттарына сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 172- бабы («Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу») бойынша қозғалған қылмыстық істі Алмалы аудандық соты 15 шілдеде өндіріске қабылдаған. 2 қыркүйекте сот айыпталушының әкесі Ғалымжан Пралиевке ұлын қоғамдық қорғаушы ретінде қорғауға рұқсат берді.

Қазақстанда бұрынғы жалдамалы әскериді Қылмыстық кодекстің 172- бабы бойынша жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар, ол Ресей азаматтығын қалай алғанын да түсіндіруге міндетті болған, елімізде қос азаматтыққа заңмен тыйым салынған.

Алматы қалалық сот Қазақстан азаматы Тимур Пралиевті 5 жыл бас бостандығынан айырды. Ол Ресейдің Украинаға қарсы соғысына қатысу үшін «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясы арқылы жалданған, кейін Малиде де осы топтың құрамында жалдамалы жауынгер болған.

Бұл Қылмыстық кодекстің 172- бабы бойынша көзделген ең төменгі жаза , деп жазады Orda.kz. Аталған бап мұндай әрекеттердің жалдамалылық белгілерінсіз жасалуын көздейді. Ал тікелей жалдамалылық Қылмыстық кодекстің 170- бабымен қарастырылады, бірақ бұл бапты қолдану тәжірибесі Қазақстанда әзірге тіркелмеген.


Рекомендовать
Последние новости