Алматыда аптап ыстық күшейіп, өрт қаупі артып отыр

Ақтоты Жапатова 27 июл. 2025 18:00

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті 28 шілдеге дейін Алматыда ауа температурасы күндіз 35–39°C-қа дейін көтеріледі деп ескертті. Қазір қалада өрт қауіптілігінің ең жоғары – 5-санаты сақталып отыр. Мұндай жағдайда кез келген ұшқын үлкен өртке ұласуы мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мекеменің мәліметінше, жыл басынан бері мегаполисте 300-ден астам құрғақ шөптің жану дерегі тіркелген. Кей жағдайларда өрт таулы аймақтарға таралып, тұрғын үйлерге қауіп төндірген.

Қазір қала әкімдігімен бірлесіп, 104 шақырым аумақтағы шөп шабылып, алдын алу шаралары жүргізілуде.

Құтқарушылар алматылықтар мен қала қонақтарын қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады:

  • құрғақ шөп маңында от жақпаңыз және шылым шекпеңіз;

  • бірнеше электр құрылғысын бір розеткаға қоспаңыз – бұл қысқа тұйықталуға және өрт шығуына себеп болуы мүмкін;

  • күннің ыстығында автокөлік ішінде балаларды қалдырмаңыз;

  • күн өтіп кетпес үшін ашық ауада ұзақ уақыт жүрмеңіз.

ТЖД өкілдері ескертеді: өрт салдарынан адам өмірі мен мүлкіне зиян келсе, кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылады.


Рекомендовать
Последние новости