Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты тергеу аяқталды

Dalanews 09 янв. 2024 09:19 1170

Салтанат Нүкенованы өлтіру фактісі бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы адвокат Жанна Мұхамади хабарлады.

"Қазіргі уақытта бізді іс бойынша жүргізілген барлық сараптамалармен таныстырды. Бірақ біз қылмыстық істің материалдарын әлі толық көрген жоқпыз. Менің мұндай істерде өте үлкен тәжірибем бар. Мен бұрын кісі өлтіру істерімен айналысқанмын, бірақ тіпті сарапшылардың тұжырымдары мені таң қалдырды. Мен мұндай қатыгездікті, салқынқандылықты ешқашан көрген емеспін. Қазіргі уақытта Салтанаттың туыстарына деген құрметпен өлімді бүге-шегесіне дейін айта алмаймыз. Тараптар іс материалдарымен танысып, қорғау өтініштерін мәлімдегеннен кейін шешім қабылдау үшін прокуратураға жіберілетін болады", – деді ол.

Оның айтуынша, аса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарламағаны үшін алты мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылуға, алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылмақ.


Осы санаттағы істер қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес кісі өлтіру жөніндегі негізгі іспен бірге сотқа жіберілмек. Еске салайық, бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен қамауға алынды.

Қайтыс болған Салтанат Нүкенованың ағасы Қайрат Нүкенов "Бишімбаевты ақтауға тырысқан" блогерлерді айыптай сөйлеп, экс-министрді туыстары ешқашан кешірмейтінін мәлімдеді.


Қылмыстық іске президент Қасым-Жомарт Тоқаев та назар аударып, істі ІІМ басшылығына ерекше бақылауға алуды тапсырды. Кейін экс-министр Бишімбаевтың үстінен «аса қатыгездікпен адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалғаны белгілі болды.

Рекомендовать
Последние новости