Сағынтаев қабылдауынан кейін сауда нысаны орнына спорт алаңы салынатын болды

Dalanews 27 мая 2021 11:05 753

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев партияның қоғамдық қабылдауына жүгінген қалалықтардың сұрақтарына жауап берді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жетісу-3 шағын ауданы тұрғындарының өтініші бойынша құрылысы ұзаққа созылған нысан орналасқан учаскені салушы алдағы атқарылатын жұмыстар бойынша тұрғындармен кездесіп, барлық құжаттар мен жобаларды көрсететін болады. Мұнда іргелес аумақтар мен ауланы абаттандыру ескерілуі тиіс. Тұрғындар пікірі ескерілмесе құрылысты салуға рұқсат берілмейді.

Алмалы ауданы тұрғындарының сауда нысанының орнына балалар спорт алаңын салу туралы өтініші де қолдау тапты.

Ходжанов көшесі бойындағы №76 үйдің тұрғыны Н. Котованың сауалы бойынша ауланы жаңарту келесі жылға жоспарланған. Алайда, Nur Otan АҚФ төрағасының тапсырмасы бойынша биыл футбол алаңы жасалып, жаз кезінде балалардың денсаулығын жақсартуға мүмкіндік туады.

Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Теректі шағын аудан тұрғындарының көлік жолайрығын салу жөніндегі сұрақтары пысықталады, құрылыс жүріп жатқан жерге барып, мәселе зерделенеді. Бұдан өзге, өтініш білдірген қала тұрғындарына «Курортное» саяжай аумағында және Қарағайлы шағын ауданында инженерлік желілерді салу мерзімі хабардар етілді.

Рекомендовать
Последние новости