Сағадиев тапсырма орындаушы ғана...

Dalanews 15 мар. 2017 17:40 843

Қазақ тілінің ҰБТ тесттерінен алынып тасталғанына байланысты ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың пікір білдіріпті. Бұл туралы halyknews.kz жазыпты. 

Мұхтар аға, соңғы уақытта білім саласындағы реформа туралы естіп жатқан шығарсыз? Бүгін «ҰБТ тестінен қазақ тілін алып тастапты» деп жатыр. Бұл мәселе бойынша не айтасыз?

– Талай министрді көрдік қой. Бірақ өз басым дәл мына Сағадиев секілді миымен емес, қарнымен ойлайтын бірде-бір министрді көрмеппін! Қазақ тілін алып тастау деген не сұмдық? Қайсыбір жылы Жапонияның 9 қаласын аралап, әдейі зерттеп көрдім. Онда бала 12 жасқа толғанша ешқандай шет ел тілін оқытпайды екен. 12 жасқа дейін баланың бойына ана тілінің құдіретін сіңіреді. Одан кейін, мейлі, 100 тіл үйренем десе де өз еркі. Моноұлтты және монолитті деп есептелетін Жапония қоғамы осындай болғанда, бізге не жорық десейші? Сағадиевтің мақсаты біреу ғана. Ол ұлтты құрту…

 Сіздің ойыңызша, бұл тек, министр Сағадиевтің ғана бастамасымен жүзеге асып жатқан реформа ма?

– Жоқ. Сағадиевтің жеке бастамасы емес. Жоғарыдан тапсырма береді. Соны орындап жатыр. Мен бұдан 8 жыл бұрын осы мәселені алдын-ала талай жазғанмын. Тіпті, осы тақырыпқа арнаған өлеңім де бар…

Кешіріңіз… Жоғарыдан тапсырма болғанда, қалай? Кремльден «осылай жасаңдар» деуі мүмкін бе?

– Кремль «мынаны нақты былай ет» дей алмайды. Біздің ішкі саясатымызға қол сұға алмайды. Бірақ әрине, солардың ыңғайына жығылған, ақшаға сатылған, түйені түгімен, нарды жүгімен жұтатын жемқор шенеуніктеріміз жоқ емес.

Қазір білім ғана емес, идеологиялық саланың бәрінде топастандыру саясаты жүргізіліп жатыр. Кез-келген телеарнаны қосып қалсаңыз, ырыңбай-жырыңбай әнші көп. Сыбай-салтаң әзіл-ысқақ театры көп. Олардың не дәмі, не татымы, не астары жоқ жеңіл әзілі адамды күлдірмейді де.


Мұның себебі неде деп ойлайсыз?..

– Қазір мәселенің бәрі ақшада! Бір композиторсымақ сөзін өзі жазады, әуенін де өзі жазып, өзі орындайды. Телеарнаға келеді де, әлгі әнсымағының жанына 5 мың доллар қояды. Болды! Таңертеңнен кешке дейін соның әні теледидардан ыңыранады да тұрады! Немесе ортаңқол бір композиторсымақ, әлде әншісымақты алайық. Шашылып, шығармашылық кешін Республика Сарайында көрсетеді.

Сосын оны еліміздегі төрт бірдей телеарна 4 сағат бойы береді де жатады. Сәл бұрынырақ менің өзімді күніне үш телеарнаның бағдарламасына шақыратын. Қазір жарты жылда бір телеарна шақырмайды. Неге? Өйткені, оларға шындықты шырқыратып айтатын Шаханов емес, қалтасы қалың Ақшабай керек!


Рекомендовать
Последние новости