Сағадиев мырза, «Алматы кітап» баспасының қожайынын біз асыраймыз ба?

Dalanews 02 окт. 2017 10:26 1176

Халықты тонауды тоқтатыңыз, министр Сағадиев мырза! Бүгін мектеп балаға қандай білім мен тәрбие берсе, елдің болашақ тағдыры сондай болары сөзсіз. 

Қазіргі мектептегі білімнің жағдайы елді қатты алаңдатып отыр.  Сіздің білім саласында жасап жатқан реформаңызға халықтың көңілі мүлдем толмайды.  Ол туралы қарапайым халық түгілі, Парламент депутаттары да бірнеше рет сауал жолдады. Бірақ сыннан шыққан нәтиже жоқ. 

Жақында маған балалары дайындық сыныбында оқитын бірнеше ата-ана хабарласып, өздерін алаңдатқан жағдайларын айтқан еді.  Биыл дайындық сыныбына баратын оқушы «Алматы кітап» баспасынан шығатын 18 түрлі кітап оқиды екен. Ол кітаптардың бәрін ата-анасы сатып алуға мәжбүр. Мемлекеттен қаржы бөлінбейді дейді. 18 кітаптың базардағы бағасы 30 мың теңге тұрады. Сөзіміз дәлелді болу үшін кітаптарды тізбектейік:
1. Сауат ашу негіздері (әліппе – дәптер) – 1, 2.

2. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру (әліппе дәптер) – 1, 2.

3. Сөйлеуді дамыту (әліппе дәптер).

4. Қоршаған ортамен таныстыру (әліппе дәптер).

5. Экология негіздері (әліппе дәптер).

6. Өзін-өзі тану (әліппе дәптер).

7. Көркем әдебиет (әліппе дәптер).

8. Қауіпсіз мінез-құлық негіздері (әліппе дәптер).

9. Құрастыру (әліппе дәптер).

10. Мүсіндеу (әліппе дәптер).

11. Аппликация (әліппе дәптер).

12. Сурет салу (әліппе дәптер).

13. Музыка (Нато хрестоматиясы).

14. Ағылшын (АВС copybook).

15. Русский язык (Азбука – тетрадь) 1, 2.

16. Жаратылыстану (әліппе дәптер).

17. Драма (әліппе дәптер).

18. Валеология негіздері (әліппе дәптер).

Бұл 30 мың теңге тек кітаптардың ақшасы. Оған оқушының портфель, қарындаш, дәптер, ермексаз, т.б құрал-жабдықтарын қоссаңыз, бұл ақша 40 мыңға жетеді.

Биыл бірінші сыныпқа 380 мың бала барды десек, келер жылы шамамен 400 мың бала мектепке барады. Сонда 400.000 х 30.000 = 12.000.000.000 теңге (12 миллиард теңге).
Бұл өздері зорға күнелтіп отырған қарапайым халықтың қаржысы.

Ата-ана бала үшін өмір сүреді, баласын қатарынан қалдырғысы келмейді. Сондықтан да кітаптарды алуға мәжбүр болады. Ал кітаптің сапасы нашар, сөгіліп жатыр, мазмұны өте қиын,салмағы 5 жасар балаға өте ауыр. Бірақ халықта басқа таңдау жоқ.
Халық 12 миллиард теңгесін тамағынан жырып, «Алматы кітап» баспасының қожайынының қалтасына салуға мәжбүр.

Бұл халықты ашықтан ашық тонау деген сөз! Ел қазынасында қаражат жоқ дейін десең, жыл сайын республикалық бюджеттен Білім және ғылым министрлігіне триллиондаған теңге бөлінеді. Бұл қаражат қайда сонда? Бұл жерде сыбайлас жемқорлық жақсы жұмыс жасап тұрған жоқ па? Біз – ата-аналар Ерлан Сағадиевтан халықтың 12 миллиард теңгесін қайтаруды талап етеміз!

Жәнібек ҚОЖЫҚ

Дереккөз: zamana.kz


Рекомендовать
Последние новости