Сәбиін әжетханаға тастаған ана бостандыққа шықты

Dalanews 31 янв. 2017 13:54 876

Алматы облысында нәрестесін әжетханаға тастаған әйел бостандыққа шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Облыстық мамандандырылған сәби үйінің бас дәрігері Зәуре Оторбаеваның айтуынша, безбүйрек ана тастанды қызының хал-жағдайын білуге барған.

– Өткен аптада сәбиге атасы мен әжесі келді. Шешесі де келді, ол бостандыққа шығыпты. Олар баланы көріп, қайтты. Анасы баланы қолына алып, қуанды. Кейін ата-әжесі кіріп, немересіне қарап бергеніміз үшін алғыс айтты. Қазір баланы әжесі асырап алғысы келеді, – деді Оторбаева.

"Кішкентай Қарлығаштың жағдайы жақсы, ол қалыпты дамып келеді. Сап-сау бала", – деді Оторбаева.

Еске салайық, бұл оқиға 5 шілдеде Ақши ауылында болған. Жаңа туған нәрестесін әйел босанып, әжетханаға тастаған. Кейін 24 жастағы Алтынай Ақжолдтаева бір жарым жылға бас бостандығынан айырылған еді. Осы уақыт бойынша кішкентай Қарлығаш Шакирова сәби үйінде болды.

Осыған ұқсас жағдай Жамбыл облысында болған. Әжетханаға баласын тастағаны үшін бас бостандығынан айырылған әйел бостандыққа шығыпты. Бұл туралы "Үміт" сәби үйінің өкілдері хабарлады.

– Қыздың анасы рақымшылықпен босап шықты деп естідік, Ол қаңтардың соңында шығады екен. Баласын әжесі келіп қарап жүр. Анасы әзірше келмеді, – деді сәби үйіндегілер. Қызметкерлердің мәліметінше, сәбидің жағдайы жақсы. Ол бір жас бір айға толып отыр екен.

Кішкентай Жансая Мәжіғұлова 2016 жылдың 3 қаңтарында Жамбыл облысындағы Абай ауылының маңындағы тасжолдың әжетханасынан табылған. Сәби екі метрлік тереңдікте бір сағаттай жатып қалған. Оны жүргізушілер тауып алған.

Рекомендовать
Последние новости