Рио-2016: Екатерина Ларионова қола медаль алды

Dalanews 19 авг. 2016 04:13 764

Рио Олимпиада ойындарында түнде  әйелдер күресінен 63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Екатерина Ларионова қола медаль ұтты.



Ол жұбаныш белдесуінің  алғашқы белдесуінде швециялық балуан Хенна Йонхенсонды 5:0 есебімен ұтқан болатын. Екінші белдесуінде АҚШ балуанын таза ұтып, Рио Олимпиадасының қола медалін жеңіп алды. Осылайша ол Қазақстан қоржынына жетінші қола медальды салып берді.

Екатерина Ларионова Орал қаласының ішкі істер департаментінің қызметкері, еркін күрестен Қазақстанның бірнеше мәрте чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Түнде тағы бір қазақстандық балуан Гюзель Манюрова финалға шығып, алтын медаль үшін таласқан болатын.

20160819090226


Рекомендовать
Последние новости