Риддерге жаңа әкім тағайындалды

Dalanews 04 авг. 2023 06:42 523

Риддер қаласының әкімі болып Дәулет Батырбаев тағайындалды.

​Дәулет Бахитұлы 1976 жылы туған (47 жаста). Екі жоғары білімі бар.

Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарған.

Сондай-ақ Ұлан, Бесқарағай аудандарын басқарып, кен өнеркәсібі кәсіпорындарында, мемлекеттік басқару органдарында тәжірибе жинақтаған.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.

Риддер қаласының әкімі қызметіне тағайындалмас бұрын «ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Рекомендовать
Последние новости