"Рухани жаңғыру" – жаңғырсаң осылай жаңғыр

Dalanews 20 мар. 2018 14:50 840

Қазір әншілердің басқан, тұрғанынан басқа дүние маңызды болмай тұр. Бұған күні кеше ғана Заттыбек Көпбосынұлы көкпар бергенде көзіміз анық жетті.



Зәкең өзінің Истаграмдағы парақшасына:

"16-наурыз күні Бəйдібек ауданы, туған жерім Кеңес ауылында көкпар берген едім. Туған жерге тағзым ете отырып Бəйдібек ауданының 90 жылдығы мен "Рухани жаңғыру" аясында өткен көкпарға сарапшылардың айтуынша
10 мыңнан аса халық жəне 2000-ға жуық ат қатысты.

Ел батасын беріп шаңырағыма ат жалын ұстап, көкпар тартар ұрпақ берсін деп дұға тілеген көпшілікке алғысымды білдіремін», – деп жазды.



Айтса айтқандай бұл таза "рухани жаңғыру" болыпты. Жаңғырсаң осылай жаңғыр. Болмаса "болды, бітті" деген болмашы шараларды өткізіп, жыртыңдаудың қажеті қанша.
Иә, мұншама адамды бір облыстың әкімдіктің қызметкерлері жабылып жүріп әрең жинауы мүмкін. Сондықтан билік орындары

әншілер сүндет той, 40 жасқа келген мерейтойын жасағанда жергілікті аудандардың басшылары "Рухани жаңғыру" аясында деп атай саласа болатын сияқты ғой.

Қалай десек те, Заттыбектің берген көкпары ғажап болды. Құдай біледі – Парламент сайлауы болып, Заттыбек депутаттыққа түссе Мәжілістің төрінен бірақ шығатын мүмкіндігі бар екен.

Мұны көрген бір әкім "Мұншама нөпір халықты жинаған Заттыбекте арман бар ма екен?" деп таңқалыпты дейді біреулер. Расымен де халықтың қошеметіне бөленген Заттыбекте арман жоқ.

Рекомендовать
Последние новости