Тойсыз ақша тапқандар – Ғалымжан Молданазар, Димаш, «91» тобы

Dalanews 20 мар. 2018 13:53 1021

Шет ел жұлдыздары ауқымды шоу өткізіп, альбомнан ақша тапса, қазақстандық әншілер үшін той таптырмас табыс көзіне айналғаны қашан. Отандық шоу-бизнес өкілдерінің санасында қалыптасқан дәл осы стеротипті, енді Ғалымжан Молданазар бұзбақ ниетте… Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтт деп хабарлайды stan.kz сайты.

Ғалымжан Молданазардың табысы тойдан емес! Ол шағын аудиторияда ән кештерін өткізіп, білдей бір ұжымға пайда табудың көзін ұсынып отыр. Музыканттың сөзінше, осылай шет елдік әртістердің тәсілімен жұмыс істейтін отандық өнерпаздардың да саны артып келеді.



“Тойсыз да ақша табуға болады. Димаш бар, «91» бар. Оларда әлемге шығып жатыр. Неге соларды айтпасқа? Неге қазақ бауырларымызбен мақтанбасқа?” – дейді Молданазар.

Күні кеше Ғалымжан көпшілік көптен күткен күйтабақтың тұсауын кесті.  «Молданазардың» 7 тректен тұратын су жаңа үнтаспасы «Есімде бәрі» деп аталады. Бұл, ұжымның топ болып құрылғаннан бергі алғашқы альбомы екен.

“Коммерциялық концерттер көп болды. Жабық концерттер. Сол үш жылдың ішінде жаңа әндер шығаруға біздің уақытымыз болған жоқ. Осы жаңа жылдан бастан барлық концерттерге келісім бермей, шағын альбомды бітіруге бел буып, бітіріп, тыңдарманымызға ұсындық”, – дейді Ғалымжан.



Айтпақшы, «Молданазар» жетекшілік ететін команда, таяу күндері АҚШ-қа аттанбақ. Музыканттардың концерттері Американың төрт қаласында өтеді.

“Қазақстаннан жақсы жер жоқ мен үшін. Сол үшін қайтып келеміз. Осының алдында Америкада бір ай болғанда зорға шыдағанмын. Бір айдан кейін қашып келдім ауылға”, – дейді әнші.

«Молданазар» тобының АҚШ-тағы алғашқы концерті, наурыздың 29-күні Нью-Йорк қаласында өтеді.

 

https://dalanews.kz/28892

Рекомендовать
Последние новости