Селтановтар отбасы өздерін айыптағандарға жауап берді

Dalanews 20 мар. 2018 07:06 1208

ОҚО-да 7 жасар баланың зорланғанын жасыруға тырысты деп айыпталған Селтановтар отбасы даулы оқиғаға қатысты өз ойларын айтты. Селтановтар жаұясының бірнеше мүшесі Абай ауылында жауапты қызмет атқаратыны жайлы ақпарат бұған дейін тараған еді. Оның ішінде баланы зорлаған болуы мүмкін деген оқушылар білім алатын мектеп директоры, тіпті баланы тексерген аурухананың уролог-дәрігері де бар. Бұл туралы 31 арна хабарлайды.



Бейбіткүл Селтанова қазіргі уақытта үй шаруасымен айналысып жатыр. Себебі тергеу аяқталғанға дейін оны №73 мектеп директоры қызметінен уақытша босатқан.

Аталған білім ошағында баланы зорлаған болуы мүмкін деген күдіктілердің оқитынын айта кетейік. Бейбіткүл болған оқиғаны ауыр қабылдағанын айтады.
– Менің үш оқушымды бала зорлады деп айыптап жатқанын 14 қаңтар күні білдім. Барлығы да байсалды, сабырлы балалар. Оқу үлгерімдері орташа. Біреуі жетінші, қалған екеуі сегізінші сыныпта оқиды, волейболға қатысады. Кінә дәлелденбейінше, шу шығарып, мені айыптаудың қажеті жоқ еді деп ойлаймын, – дейді Бейбіткүл Селтанова.

Бейбіткүл Селтановамен бірге оның күйеуі, уролог-дәрігер Ералы Селтанов та айыпталған еді.

Бұған дейін дәрігер жайлы блогер Жанна Ильичева:

«Ералы Селтанов – депутаттың ұлы, баланы тексерген ауруханада уролог болып жұмыс істейді. Бірақ бұл сәйкестік кездейсоқтық болуы да мүмкін», – деп жазған еді.

«12 қаңтар күні баланы хирург тексерген, мен қараған жоқпын, тіпті ол баланың жүзін де көрген емеспін», – дейді Ералы Селтанов.

Директордың қайын атасы, дәрігердің әкесі, 70 жастағы облыстық мәслихат депутаты Сапарәлі Селтанов та наразылығын білдірді.
– Мені жойғысы келеді деген сыбыс жүріп жатыр. Не үшін? Өзім депутатпын, балам – уролог, келінім – директор, ұлым – полицей. Сонда олардың жұмыс істеуге құқы жоқ па? Бұл баланың олар үшін маңызы жоқ деп ойлаймын, бар болғаны себеп іздеп отыр, түсінесіздер ма? Олар нені талап етуде, не қалайды – мен білмеймін, бірақ олардың артында біреудің тұрғаны анық, – дейді ОҚО Сарыағаш аудандық мәслихат депутаты Сапарәлі Селтанов.

Дереккөзі: stan.kz

Рекомендовать
Последние новости