Рудныйдағы мектепке қылмыстық шабуыл жасалатыны туралы хабар тарады

Көркем Алдабергенова 18 мар. 2024 09:10 1544

Әлеуметтік желіде Рудныйдағы мектептердің біріне қылмыстық шабуыл жасалатыны туралы хабар тарады. Полиция бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Рудный полиция басқармасының мәліметінше, әлеуметтік желілерде мектептердің бірінде белгісіз адамдар қылмыс дайындап жатқандығы туралы жалған ақпарат таратылған.

Бұл дерек полицияда тіркелген. Жарияланымның авторын анықтау бойынша тиісті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. 

"Азаматтардан арандатушылыққа берілмеуін, хабарламаның қайта бағытталуына жол бермеуін және тек ресми ақпаратқа сенуін сұраймыз", - делінген полиция хабарламасында. 

Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.


Рекомендовать
Последние новости