Рубль девальвациясы отандық валюта нарығына неге қатты әсер етпеді - ҚҚҚ түсініктемесі

Кәмшат Тілеухан 26 нояб. 2024 12:21 630

Жұма күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша ұлттық валютаға шаққандағы 1 АҚШ доллары 3,61 теңгеге қымбаттап, бағам 498,59 теңге деңгейінде белгіленді. Ал бүгіндері ақша айырбас орындарында аталған шетел валютасы 500-503 теңге аралығында сатылуда. Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының сарапшылары ұлттық валюта бағамының бұлайша әлсіреуіне не түрткі екенін түсіндірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Бұл ретте сауда-саттық көлемі айтарлықтай артып, 257,1 млн долларды құрады, ал бұл көлем алдыңғы сессияда ғана 184,2 млн доллар болған. Осы жағынан алғанда, сыртқы факторлардың тұтастай алғанда теңгеге еш әсері болмады, өйткені мұнай бағасы мен АҚШ доллары индексінің бір мезгілде өсімі байқалды. Тиісінше, ұлттық валютаның әлсіреуі ішкі факторларға байланысты болды. Жалпы, квазимемлекеттік сектордың валюталық кірісінің 50%-ын теңгеде ұстаудың қайта міндеттелуінен күтілген оң әсерге көп үміт артудың қажеті жоқ секілді. Өйткені бұл реттегі ұсыныстың ұлғаю көлемі шамалы болуы мүмкін (қазан айында сауда-саттықтың жиынтық көлемі 6,1 млрд доллар болды, ондағы үлес айына шамамен 300 млн доллар)", - дейді Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының сарапшылары.

Сондай-ақ сарапшылар шикізат нарығындағы конъюктураның сәл нашарлап, ресейлік рубльдың тоқтаусыз құлдырауы да отандық валюта нарығына аздап әсер еткенін айтады.

"Қайта, осы сыртқы факторларды валюта нарығы бюджет транфертін қамтамасыз ету операциялары бойынша Ұлттық қор тарапынан шетел валюталары айырбасының тұрақты ұсынысы, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шетел валютасындағы табыс ақша айырбасы, сондай-ақ салықтық кезеңнің арқасында онша сезбеді", - дейді олар.

Соңғы аптада Ресейде 1 АҚШ доллары 90-нан 100 рубльге дейін бір-ақ көтерілді. Сарапшылар бұл бағам жақын күндері 130 рубльге баруы мүмкін екенін болжауда. Әрине, бұған геосаясат, соның ішінде АҚШ-тың Ресейдің қаржы инфрақұрылымына салған кезекті санкциясы, сондай-ақ шетел валютасына белгіленген жоғары мөлшерлеменің әсері бар. Рубльді әлсіретуге мүдделі экспортшылар мен бюджет болып табылатыны да айтылады.

Айта кетсек, қараша айында доллар неге күшейіп жатқаны туралы алдында сарапшы-маман пікірін тағы ұсынған болатынбыз.


Рекомендовать
Последние новости