Роза Отунбаева Текебаевты қолдап, сотқа келді

Dalanews 14 июл. 2017 04:28 771



"Бұл істің саяси екені белгілі, саяси бәсекелестер бір-бірлерімен соттасып жатыр", - деп мәлімдеді Қырғызстанның экс-президенті Роза Отунбаева. Ол бейсенбі күні Бішкектегі Бірінші май сотына келіп, "Ата Мекен" партиясының лидері Өмірбек Текебаев пен Қырғызстанның Оңтүстік Кореядағы экс-елшісі Дуйшенбек Чотоновтарға қатысты түсініктеме берді.





Бірақ экс-президенттің сөздерін судья бөліп, тек көрген-білгеніңізді ғана айтыңыз деді.

Роза Отунбаеваға "2010 жылдың 12-13 мамырында уақытша үкімет мүшелері қайда болды, мемлекеттік мүлік мәселелерімен, атап айтқанда "Мегакоммен" ("Альфа Телеком" ЖАҚ) кім айналысты?" деген сұрақтар қойылды.

Бұл сұрақтарға экс-президент: "Мысалы, Алмазбек Атамбаев бірінші орынбасар болды, әлеуметтік-экономикалық сұрақтарға жауап берді. Темир Сариев қаржы-экономикалық мәселелерге жауапты болды. Өмірбек Текебаев конституциялық реформамен, Азимбек Бекназаров құқықтық және қауіпсіздік мәселелерімен айналысты. Бірақ 13 мамырдан кейін біз қауіпсіздік мәселелерін Алмазбек Атамбаевқа бердік. Ол өзі осындай бастама көтерді. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру мәселесімен айналысқан Атамбаев",- деп жауап берді.

Өмірбек Текебаев пен Дуйшенбек Чотоновқа коррупция ісіне қатысты қылмыстық іс қозғаған. Бұл іске негіз болған ресейлік бизнесмендер Алексей Модин мен Леонид Маевскийдің арыздары. Олар Өмірбек Текебаевқа "Мегаком" компаниясын иелену үшін 1 млн доллар пара бергендерін айтқан.



Рекомендовать
Последние новости