Республика күні ең үлкен Ту Өскеменде желбіреді

Dalanews 25 окт. 2022 14:31 1056

Республика күні Шығыс Қазақстан облысының жастары Өскеменде еліміз бойынша ең үлкен, ұзындығы 24 метр болатын мемлекеттік Туды желбіретті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

25 қазан – Республика күні ел азаматтарын тұтастырып, бірлікке бастайтын маңызды мерекеге айналғанына көзіміз жетті. Сонымен қатар жастардың бойындағы патриоттық сезімді оятып, күш-жігер сыйлағанына да байқадық.

Айтулы мерекенің басты ен-таңбасы, сиволы көк байрағымыз болғаны анық Дәл осы күні еліміздің барлық өңірлерде мемлекеттік Туымызға барынша құрмет көрсетілді.

Осы үрдістен Шығыс Қазақстан облысының жастары да шет қалған жоқ. Мерекені есте қаларлықтай етіп өтуде шығыстық жастар белсенді болғанын атап айтуымыз керек!



Мемлекеттік Туымызға жастардың құрмет көрсетуіне осыдан біршама уақыт бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың патриот жастардың көк байрағымызды маңызды жерлерге іліп, ұлықтауына мүмкіндік беретін заңға өзгерістер енгізгені белгілі. Республика күні осы мүмкіндікті жастар барынша пайдаланып, өздерінің еліміздің нағыз патриоттары екенін көрсетті.  


Осылайша Өскемен қаласының жастары мереке күні еліміз бойынша ең үлкен Туды қала орталығындағы Тәуелсіздік монументі жанынына алып шығып, қала тұрғындары қуаныш сыйлады.

Өскемен қаласы әкімдігінің хабарлауынша, жастар алып шыққан мемлекеттік Тудың ұзындығы 24 метр, ені 12 метрді құраса, салаға 100 келіге жеткен.

Рекомендовать
Последние новости