Премьер-министр Олжас Бектенов Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында салынуы тиіс жылу электр орталықтарына (ЖЭО) қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл жобаларды бастапқыда Ресей қаржыландыруы керек болған,
"Ресей тарапынан жеңілдетілген, кепілдендірілген қаржыландыру жөнінде нақты ақпарат келген жоқ. Сондықтан біз Көкшетаудағы құрылыс жұмыстарын ешкімнің көмегінсіз бастап кеттік. Бұл жобамен “Самұрық-Энерго” айналысып жатыр. Ал Семей мен Өскемен бойынша ресми жауапты күтіп отырмыз. Егер жақын арада жауап болмаса, бұл нысандарды да өз күшімізбен жүзеге асырамыз. Өйткені бұл жобалар өте маңызды – бізге жарық та, жылу да қажет", – деді Үкімет басшысы.
Журналистер Бектеновке бюджеттік мүмкіндіктерге қатысты сұрақ та қойды.
"Жетеді. "Самұрық-Энерго"-ның нарықтық тетіктері бар. ЖЭО – бұл бизнес жоба. Ол іске қосылғаннан кейін табыс әкеледі, инвестициялар қайтарылады. Бұл ретте ешқандай мәселе жоқ", – деп жауап берді.