Ресейдің 22 аймағын су басты

Қаракөз Амантай 01 апр. 2024 18:53 2588

Көктемгі су тасқыны салдарынан Ресейдің 22 аймағы зардап шекті. Бұл туралы Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі telegram арнасында мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ведомствоның мәліметінше, табиғи апаттан 128 тұрғын үй мен 1,9 мыңнан астам шаруашылық телімі су астында қалды.

Ең қиын жағдай Алтай аймағында орын алды. Мұнда 923 учаскі мен 127 үйді су басқан. Құтқарушылар жиналған суды сору бойынша апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуде.

26 наурызда Гидрометеорологиялық орталықтың ғылыми директоры Роман Вилфанд Смоленск және Тверь облыстарының тұрғындарына қауіпті су тасқыны туралы ескерткен болатын.


Рекомендовать
Последние новости