БҚО-да су тасқыны кезінде келген құтқарушыны тұрғын пышақтап тастаған

Көркем Алдабергенова 01 апр. 2024 09:07 8516

БҚО-да тұрғындарға көмектесуге барған құтқарушыны пышақтап кеткен, - деп хабарлайды Dalanews.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеп. 

Министрлік мәліметінше, құтқарушы 26 жаста. Оқиға Казталов ауданы Жалпақтал ауылының маңында болды.

Жедел деректер бойынша, жергілікті тұрғындарға көмек көрсету бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу барысында Қараөзен өзенінің жағасында 1998 жылы туған азаматтық қорғау сержанты жараланды. Ол аудандық ауруханаға кеуде аймағында екі пышақ жарақатымен жеткізілді. Науқас дәрігерлердің бақылауында.

Полицияның мәліметінше, шабуылдаушы ішімдік ішкен күйінде болған. Сотқа дейінгі тергеу басталды.


Рекомендовать
Последние новости