Данияр БАЙЖҰМАНОВ: ҚҰНДЫЛЫҚ БЕРІК БОЛСА, КӨКЖИЕК КЕҢЕЙЕДІ

Dalanews 27 мар. 2024 16:28 2373

Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында жиында естір құлаққа жетер есті сөз айтылды, тиісті тапсырмалар мен нұсқаулықтар берілді.  Секцияларда айтылған ұсыныстардың басым бөлігі қоғам бірлігін одан әрі нығайтуға, жалпыұлттық құндылықтарды дәріптеуге, елдің ғылыми, рухани әлеуетін көтеруге бағытталған. Соның ішінде   ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның модераторлығымен «Мәдениет. Өнер. Руханият» секциясы да жарқын жұмыс үлгісін көрсете алды.  Әдебиет, дін және бірқатар әлеуметтік мәселелері кеңінен талқыланған бұл сексияда ауылдық жерлерде мәдени ошақтар қатарын көбейту, жастар тәрбиесіне қатысты нақты қолға алу керек мәселелер де көтерілді.

Жаңару мен жаңғыруға негізделген келелі жиынның мәнді тіркесі  - «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» болды. Кейінгі кезде үнемі айтылып жүрген «Адал» сөзіне жан-жақты тоқталған Мемлекет басшысы ең бірінші ауызбіршілікке шақырды. Идеологиялық тұжырымдаманың негізгі бағыттарын тарқатып айтып берді.

Тағы да бір қайталап өтейін: бұл – Тәуелсіздік және Отаншылдық, Бірлік және Ынтымақ, Әділдік және Жауапкершілік, Заң және Тәртіп, Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік, Жасампаздық және Жаңашылдық. Ұлты­мыз осы идеялық негіздерді басшылыққа алса, болжау­сыз және қарқынды дамып келе жатқан ХХІ  ғасырда  лайықты  орнын  табады. Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік, мақсатымыз – өрлеу. Еліміз осы құндылықтарды берік ұстана отырып, даму көк­жиегін сөзсіз кеңейте түспек. Ал әрбір адал адам адал еңбегімен адал табысқа жетеді, – деді Қасым-­Жомарт  Тоқаев.

Данияр БАЙЖҰМАНОВ,
Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік академиялық

филармониясының көркемдік жетекшісі


Рекомендовать
Последние новости