Ресейде «Жоғарғы басқарушы» қызметі пайда болуы мүмкін

Dalanews 29 янв. 2020 06:26 765

Ресейде Конституцияға өзгерістер енгізуге байланысты жұмыс тобы Негізгі заңға жүзден астам жаңа тармақ енгізуді ұсынды. Бұл туралы «Коммерсант» газеті жазады.

Олардың арасында президент қызметін «жоғарғы басқарушы» деп өзгерту, елде негізгі дінді православие деп бекіту, сонымен бірге Ресейге Екінші дүниежүзілік соғыстағы «жеңуші-держава» деген мәртебе беру жөніндегі ұсыныстар бар.


Владимир Путин Негізгі заңды өзгерту жоспарын 15 қаңтарда Федералдық кеңесте жариялаған. Президент сөзінде Конституцияны халықаралық заңдардан жоғары қою және Мемлекеттік кеңес деген органды қалпына келтіруді ұсынған. Путин оппоненттерінің көбі түзетулер арқылы ол президенттіктен кеткеннен кейін де билікті сақтап қалуды көздеп отыр деп есептейді.

Өткен аптада Конституцияға өзгерістер енгізу туралы заң жобасын Мемлекеттік Дума бірінші оқылымда мақұлдады. Екінші оқылым 11 ақпанға белгіленген.


Ұсынылып жатқан өзгертулер бойынша халықтық дауыс беруді сәуір айында өткізу жоспарланып отыр. Заң жобасында дауыс беру форматы туралы ешнәрсе жазылған емес. Оны арнайы құрылған топ пен Орталық сайлау комиссиясы әзірлейді деп күтіледі.

 

Рекомендовать
Последние новости