Қырғыздар логистикалық орталықты Қытай инвесторының салуына қарсы

Dalanews 29 янв. 2020 06:15 821

Қырғызстанның Нарын облысына қарасты Ат-Башы ауданында 28 қаңтарда митинг өтті. Бұл туралы Азаттыққа үкіметтің Нарын облысындағы өкілдігінің баспасөз хатшысы Назгүл Мүсүралиева хабарлады.

Ол аудандық әкімдіктің мәліметіне сүйеніп, митингге 50-60 адам қатысқанын, көпшілігі Ат-Башы базарында сауда жасайтындар екенін, әрбір ауылдан 2-3 адам келгенін айтты.

– Негізгі талаптары – индустриялық сауда-логистикалық орталықты Қытай инвесторларының салынуына қарсымыз, оны өзіміздің қырғыз кәсіпкерлері салсын деп талап етіп отыр.


Ат-Башыдағы шекараға жақын аймақта орталық құру жобасын іске асырушы «Ат-Башы Қырғыз-Қытай еркін сауда аймағы» компаниясына қытайлық Лю Ин және қырғызстандық Эмилбек Абдыкадыров иелік етеді. Қырғыз кәсіпкерінің айтуынша, логистикалық орталықты салу үшін Лю Ин 280 миллион доллар инвестиция жасамақ. Басқаша айтқанда, мемлекеттен ешқандай кепілдік келісімдері жоқ.

Құрылысқа қарсы болғандар логистикалық орталық салу үшін бөлінген жер кейін Қытайға өтіп кетеді деп қауіптенеді.

2000 жылдың басынан бері жергілікті билік Ат-Башыға сауда терминалы салынатынын айтып, инвестор іздеп келеді.

 

Рекомендовать
Последние новости