Ресей ауыр атлетика құрамасы Олимпиададан шеттетілді

Dalanews 30 июл. 2016 05:43 837

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Ресей құрамасын тұтастай Риода өтетін Олимпиада ойындарынан шеттетті. Бұл туралы ақпарат федерациясының ресми сайтында жарияланды.

Айта кетелік, Ресейдің Олимпиадалық комитеті Риоадағы жарысқа 8 ауыратлет барады деп жоспарлап қойған. Енді толық құрамда ойыннан шеттетілген ресейлік спортшылардың орнына Албания, Грузия, Молдавия, Бельгия, Хорватия, Сальвадор, Моңғолия және Сербия ауыратлеттері бақ сынамақ.

IWF 2008 жылғы Бейжіңдегі және 2012 жылғы Лондондағы Олимпиада ойындарында өнер көрсеткен 7 ресейлік ауыратлеттің сынамасын қайта тексерген және бұл сынамаларда спортшылардың допинг қолданғаны анықталған. Ауыр атлетикадан тұтас Ресей құрамасын алдағы Олимпиада ойындарынан шеттетуге дәл осы жайт себеп болған. Спортшылардан тыс IWF Рио ойындарынан ресейлік техникалық комитеттің өкілдерін түгелдей шеттетті.

Өз кезегінде IWF  комиссиясының мүшесі, ауыр атлетикадан Ресей құрамасының экс-бапкері Давид Ригерт федерацияның бұл әрекетін «бандитизм» деп атап, шығарылған шешімдей әділетсіз санайтынын айтты.

Айта кетелік, бұдан бұрын Наталья Заболотная, Светлана Царукаева, Андрей Деманов және Александр Ивановтың допинг қолданғаны анықталған болатын. Бұлардың екеуі Лондондағы Олимпиадада жүлде алған. Наталья Заболотная мен Александр Иванов өз салмақ дәрежелерінде күміспен күптелген еді.

Ал одан бұрын Надежды Евстюхина, Марина Шаинова және Апти Аухадовтың допинг қабылдағаны белгілі болған.

Дереккөз: kaz.365info.kz

Рекомендовать
Последние новости