Құрбан айт қашан басталады? Мүфтият мәлімдеме жасады

Қаракөз Амантай 28 мая 2025 16:39

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі биыл Құрбан айттың басталу мерзімін жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Биыл хижра күнтізбесіне сәйкес, Зүлхижжа айы басталды. Жаңа айдың тууына байланысты, бұл ай 28 мамырда кірді. Осыған орай Арафа күні – 5 маусымға, ал қасиетті Құрбан айт мерекесінің бірінші күні – 6 маусымға сәйкес келеді.

Діни басқарма мәлім еткендей, Құрбан айт намазынан кейін үш күн бойы құрбан шалу – шамасы жететін мұсылман үшін міндет.

“Құрбан айт – мұсылман қауымы үшін қасиетті де, сауапты амалдарға толы ұлық мейрам. Бұл күндері Алла разылығы үшін құрбан шалып, бір-біріне ізгі тілек білдіру, мұқтаж жандарға көмек қолын созу – үлкен сауап”, – делінген хабарламада.


Рекомендовать
Последние новости