Құны 1,1 млрд теңге жер телімі мемлекетке қайтарылды

Қаракөз Амантай 02 февр. 2024 09:40 2250


Каспий теңізінің жағалауында орналасқан құны 1,1 млрд теңге болатын жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.


Қарақия ауданындағы, Каспий теңізінің жағалауында орналасқан құны 1,1 млрд теңге ауданы 696,8 га болатын 3 учаске мемлекет меншігіне қайтарылды. Өйткені жер телімдері игерілмеген.



“Одан бөлек, Ақтау қаласының аумағында заңсыз пайдаланылған 61 мемлекеттік меншігіндегі жер телімі анықталды. Сондай-ақ облыс бойынша 57 шаруа қожалығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 44 850 га жер ұтымсыз пайдаланылған”, - дейді облыстық прокуратура.



Кінәлілерді әкімшілік жауаптылыққа тарту және жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару мақсатында облыс прокуратурасымен прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.



Рекомендовать
Последние новости