Құлсары қаласында ТЖ басталғалы бері бірде бір тонау фактісі тіркелген жоқ

Dalanews 14 мая 2024 15:38 1760

5 сәуірден бастап Құлсары қаласында ұрлық немесе бұзақылық фактілері тіркелмеді, деп хабарлайды Dalanews.kz Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап. 

Бұл Құлсары тұрғындарының  азаматтық жауапкершілігі жоғары екенін көрсетеді.

"Тәртіп сақшылары Құлсары қаласының тұрғындарының жеке мүлкінің толық сақталуын және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етті, деп хабарлайды ТЖ жөніндегі жедел штаб.

"2024 жылғы 5 сәуірден бастап Ұлттық Ұлан гвардиясының полицейлері мен әскери қызметшілері Құлсары қаласында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жедел басқару орталығының камераларының көмегімен үздіксіз патрульдеу және бақылау жүргізді.
  Қазіргі уақытта күндіз-түні патрульге 275 полиция қызметкері мен 125 әскери қызметші тартылды" - деп нақтылады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі


Рекомендовать
Последние новости