Құлыбаевтың орнына Головкиннің кандидатурасы ұсынылды

Көркем Алдабергенова 14 февр. 2024 22:38 3648

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті лауазымына боксшы Геннадий Головкиннің кандидатурасы ұсынылды. Тиісті құжат Tengri Sport редакциясына түскен, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Құжаттан 14 ақпанда ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің Тәуелсіз сайлау комиссиясының отырысы өткені белгілі болды. Шара барысында, атап айтқанда, президенттікке кандидаттарды ұсыну нысандары қаралды.

"Федерациялар ҰОК президенттігіне Геннадий Геннадьевич Головкиннің кандидатурасын ұсынды", - делінген комитеттің ҰОК бас ассамблеясының мүшелеріне жолдаған ресми хатында.

Қысқы спорт түрлері жөніндегі вице-министр қызметіне Асқар Маминнің кандидатурасы да ұсынылды.

Еске салайық, 5 ақпанда Құлыбаевтың Олимпиада комитетіндегі орнын Головкин басады деген сыбыс тараған болатын.Бұл туралы саясаттанушы, сарапшы Ербол Еділов телеграм арнасында айтты. 

Бұған дейін желіде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеубаласы Тимур Құлыбаев Ұлттық Олимпиада комитеті төрағасы қызметінен кетеді деген ақпарат тараған болатын. Бұл туралы "Чемодан госсекретов" телеграм арнасында жазылған.

Телеграм арна мәліметінше,бұл Токио мен Азиада Олимпиадасындағы сәтсіздіктерге байланысты.

Сонымен қатар, жазбада Кеңес Рақышев те бокс федерациясының басшысы қызметінен кететіні айтылған болатын. Сол күні, 5 ақпанда болжам дәл келіп, Рақышев қызметінен кетіп, орнына Шахмұрат Мүтәліп тағайындалды.


Рекомендовать
Последние новости